Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерде 18 азамат қаза тапты
Бүгін Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде (АОКА) өткен брифингте Бас прокуратураның бөлім прокуроры Аброр Маматов Қарақалпақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден 18 азаматтың қаза тапқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпсіздіктердің салдарынан осы уақытқа дейін анықталған мән-жайлар бойынша барлығы 245 адам, оның ішінде 38 құқық қорғау органының қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алды, 18 азамат ауыр жарақаттан қайтыс болды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде тергеу және іздестіру шаралары да жалғасуда. Тергеу және жедел-іздестіру шаралары заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіліп, заңның үстемдігі мен жазаның орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда.