Әзербайжан 85 елден азық-түлік импортына шектеу қойды
Әзербайжан 15 түрлі ауруға байланысты азық-түлік импортына шектеулер енгізді.
Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің бөлім басшысы, бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор Ғалиб Абдулалиевтің айтуынша, өткен апта ішінде әлемнің түрлі өңірлерінде блутанг, ақшам (яшур), ұсақ малдағы шешек және жоғары патогенді құс тұмауы сияқты дерттер анықталған.
– Словения, Болгария, Грекия, Ливия, Португалия, Испания және Норвегия секілді бірқатар мемлекеттерде түрлі аурулар тіркелді, – делінген хабарда.