Ел аумағында ауа райының суықтығына байланысты Сұрхандария және Қашқадария облыстарының барлық білім беру ұйымдарында қысқы демалыс 18 қаңтарға дейін ұзартылды.
Бұл туралы қос облыс әкімдіктерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар Әндіжан, Хорезм, Наманган, Ташкент облысы, Қарақалпақстан Республикасы, Ферғана, Бұхара және Сырдария облыстарының білім беру ұйымдарында қысқы каникул 18 қаңтарға дейін ұзартылды.
Бұған дейін Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі жоғары және кәсіптік оқу орындары мен академиялық лицейлерде сабақ 11 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен басталатынын хабарлаған болатын.