Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен кеден органдары бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында Ташкент облысы Ташкент ауданы аумағындағы «Науаи» шекара-кеден бекетінде көрші мемлекетке қарай бет алған Lacetti көлігі тоқтатылып, куәгерлердің қатысуымен тексерілген.

Көлік жолаушысы ретінде бара жатқан, Ташкент ауданында тұратын, 1978 жылы туған азаматтың қолындағы пакетінен 874 мың АҚШ доллары табылған.

Тексеру нәтижесінде, азамат бұл ірі көлемдегі валютаны декларациясыз, кедендік бақылаудан жасырып, Қазақстанға алып өтпек болғаны анықталды.

Сондай-ақ, жедел шара барысында тергеу жалғасып, Ташкент қаласындағы базарларда саудамен айналысатын азаматтардан шетел валютасын жинап, аталған әйелге табыстаған – Ташкент қаласының тұрғыны, 1989 жылы туған азаматтың Ташкент ауданындағы уақытша тұрып жатқан үйі тексерілген.

Нәтижесінде, алдағы уақытта Қазақстанға алып өту үшін дайындалған тағы 399 170 АҚШ доллары табылған.

Жалпы 1 миллион 273 мың 170 АҚШ доллары заттай айғақ ретінде тәркіленген.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 25,182-бабының 2-бөлімі «а» тармағы (кеден заңнамасын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстаннан Қазақстанға 1,2 млн АҚШ долларын жасырын алып өтпек болғандар ұсталды