Болгария Телевидение, кино және интернет коммуникациялар академиясы ұйымдастырған «Славян ертегісі» XII халықаралық кинофестивалінің салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Өзбекстан Кино қайраткерлері шығармашылық одағының Басқарма кеңесінің мүшесі, кинорежиссер Музаффархон Эркинов «Пуанкаре» көркем фильмі үшін кино-телефестивальдің басты жүлдесі — Гран-примен («Көркем фильм үшін ең үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы) марапатталды.

Сонымен қатар, фильмнің бас операторы Равшан Мирзакамолов «Көркем фильм үшін ең үздік операторлық жұмыс», ал фильм сценарийінің авторы Абдуқаюм Юлдашев «Көркем фильм үшін ең үздік сценарий» номинацияларында жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек, Болгарияның Кино, телевидение және интернет академиясы, Еуропа аудиовизуал өнер қауымдастығы (Болгария – Македония), Париж Еуропа киноакадемиясы және Скопье аудиовизуал өнер университеті Музаффархон Эркиновқа киноакадемиялардың «Құрметті академик» және «Honoris causa» атағы мен арнайы дипломын табыс етті.