Өзбекстандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасында 20 медаль жеңіп алды
Моңғолияда өткен Халықаралық математика байқауында (IMC) Өзбекстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Байқауға 32 мемлекеттен 600-ден астам дарынды оқушы қатысып, Өзбекстан өкілдері 1 алтын, 9 күміс және 10 қола медаль иеленді. Осылайша, ел құрамасының қоржыны 20 жүлдемен толықты.
Junior санатында Қаршы қаласындағы №1 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Дилбек Зиядуллаев алтын медаль жеңіп алды.
Күміс медальдарға Мұхаммед әл-Хорезми атындағы мамандандырылған мектептің оқушылары Абдусамат Абдикомилов, Шамшодбек Жалолов және Шохжаһон Абдилсаттаров, Нұрафшон қаласындағы Президент мектебінің оқушысы Темірбек Зокиров, Қаршы қаласындағы №1 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Анвар Абдувалиев, сондай-ақ Сергелі ауданындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Шахриёр Хайитбоев ие болды.
Қола медальдарды Ташкент қаласы Алмазар ауданындағы №219 мектептің оқушысы Ілиясбек Комилжонов, Сергелі ауданындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Асрорбек Қобилов, Ахангаран қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Шохжаһон Ниёзалиев, Ташкент қаласындағы Президент мектебінің оқушысы Жаһонгир Фарходов, Мұхаммед әл-Хорезми атындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Бехрузбек Исмоилов және Шырақшы ауданындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Рамзиддин Рахматиллаев жеңіп алды.
Senior санатында Сергелі ауданындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Умарбек Убайдуллаев, Мұхаммед әл-Хорезми атындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Файзуллох Тохиров және Сырдария облысындағы Рүстем Басымов атындағы халықаралық мектептің оқушысы Озодбек Саякулов күміс медальмен марапатталды.
Ал қола жүлделер Мұхаммед әл-Хорезми атындағы мамандандырылған мектептің оқушысы Абдулазиз Ражабовқа, Бұхара қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Комронбек Камоловқа, Бұхара облысы Қаракөл ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы Бахтиёр Остоновқа және Қаршы қаласындағы №1 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Одилжон Ёкубовқа бұйырды.