Өзбекстандық ғалымдар Ферғана аңғарындағы су қоймаларынан ғылым үшін бұрын белгісіз болған жалаңаш балықтың жаңа түрін анықтады.

Бахтиёр Шералиев жетекшілік ететін Ферғана мемлекеттік университетінің ихтиолог ғалымдары Ферғана аңғары мен Өзбекстанның басқа аймақтарындағы балықтардың түрлік құрамы, биологиясы және экологиясына қатысты ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

— Соңғы бірнеше жылдағы Орталық Азия су қоймаларын ихтиологиялық тұрғыда зерттеу нәтижесіне орай, бұл аймақта әлі де толық зерттелмеген түрлер көп. Өткен жылдары Шахимардан өзенінен «Triplophysa ferganaensis» және Сох өзенінен «Triplophysa daryoae» сияқты балық түрлерінің табылуы осыған дәлел. Жақында жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесінде «Dzihunia pseudоаmudarjensis» түрі анықталды. Қызығы, жаңадан табылып жатқан балық түрлерінің көпшілігі біздің өңірге ғана тән эндемик түрлер, — деген Бахтиёр Шералиев.

Жаңа түр өзінің жақын туыстарынан бүйір сызығындағы қабыршақтар санының көптігімен (84-86 дана), жіңішке құйрық сабағымен, арқа және құйрық жүзбе қанаттарының төмен орналасуы және көздерінің арасындағы қашықтықтың кеңдігімен ерекшеленеді. 

Айта кетсек, осынау жаңа балық түрі жайлы мақала халықаралық «Zootaxa» журналында жарық көрді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық ғалымдар жаңа балық түрін ашты