Өзбекстандағы студенттердің қысқы демалысы беліглі болды
Өзбекстандағы студенттер қысқы демалыс кезінде 15 күн демалатын болады.
Өзбекстанда жоғары оқу орындар, техникум, колледж, кәсіптік лицей мен академиялық лицейлерде білім алатын студенттердің қысқы демалыс мерзімі 2022 жылдың 26 желтоқсанынан 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін белгіленді.
Бұл туралы Жоғары және арнаулы орта білім министрлігі ақпарат қызметінің басшысы Мумин Ибодов хабарлады.
Жарияланған тәртіп үкіметтік емес білім беру ұйымдары үшін ұсыныс сипатына ие.