Үкімет қаулысына сәйкес Өзбекстандағы барлық операция және жансақтау бөлмелеріне камералар орнатылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, операция және жансақтау бөлмелеріне (реанимация) дыбыс және бейне жазу мүмкіндігі бар камералар орнатылады.
Ондағы жазбалар лицензиатта кемінде бір жыл бойы сақтаулға міндетті, ал бейнежазбадағы ақпаратты жария етуге жол берілмейді (заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) және дәрігерлік құпияны қорғау мүмкіндігін жасау талап етіледі.
Бұл қосымша талап емделушінің де, дәрігерлердің де құқықтарын қорғауға қызмет етеді және жергілікті медициналық қызметтердің сапасын арттыру және «қауіпсіз медицина» стандарттарын енгізу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Медициналық қызметті лицензиялаудың жаңартылған құжатындағы осы және өзге де талаптар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.