Өзбекстан аумағындағы барлық мемлекеттік мектептерде директор қоры құрылатын болады.
«Құқықтық ақпарат» арнасының дерегінше, директор қорының қаражаты тек мұғалімдерге үстемеақы белгілеуге бағытталады.
Үстемеақымен, мектептің оқу-тәрбие процесіне үлкен үлес қосып, өз мамандығына адалдық пен бастамашылдық танытып, кәсіби деңгейі жоғары дарынды ұстаздар марапатталады.
Мектеп қызметкерлеріне директор қорынан ай сайынғы үстемеақы және басқа да ынталандыру шараларын тағайындау туралы шешімді мектеп жанындағы арнайы комиссия құрамы қабылдайды.
Бұл ретте халыққа білім беру бөлімдері мектеп жанындағы арнайы комиссияның қызметіне және олар қабылдаған шешімдерге араласпайды.