Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі «International Hotel Tashkent» қонақ үйінің мемлекетке тиесілі 100 пайыздық үлесін сату процесі басталғанын хабарлады.
Жекешелендіру бойынша кеңесші ретінде Deloitte компаниясы айналысады.
Сатылатын қонақүйде 232 бөлме, 7 конференция залы, 2 мейрамхана, барлар, жазғы террасса, фитнес клуб және бассейн бар. Жалпы жер көлемі 3 гектарды құрайтын 44 903 шаршы метр аумақта ғимарат және нысан бар.
Жекешелендіру процесі үш кезеңде жүзеге асырылады: сатып алуға қызығушылық білдіру, міндетті емес ұсыныс (NBO) және міндетті ұсыныс (BO) кезеңдері. Соңғы кезеңде кепілді төлем ретінде белгіленген баға ұсынысының кемінде 1 пайыз төлем жасау қарастырылған.