2024 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша Өзбекстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 4 миллион 83 мың 700 адамға жетті.

Салық комитетінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың 57 пайызы ерлер, ал 43 пайызы әйелдер. 

Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 86,8 пайызға өскен. Өсу көрсеткіші ең жоғары салалар – тұрмыстық қызмет – 133,6 пайыз (987,4 мың адам), өндіріс және қызмет көрсету – 113,5 пайыз (203,5 мың адам), ақпарат-коммуникация – 96,7 пайыз (51,6 мың адам).

Аймақтар бойынша алып қарағанда, алғашқы үштікте Самарқанд (470 мыңнан астам), Қашқадария (413 мыңнан астам) және Ташкент (378 мыңнан астам) облыстары кірген. Жызақ, Науаи және Сырдария облыстары соңғы орындарда тұр.

Сонымен қатар, жеңіл автокөліктерде жолаушылар тасымалымен айналысатын азаматтар саны 611,6 мыңды құрады. Оның ішінде 344,7 мың адам 2024 жылы тіркелген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 4 миллионнан асты