Өзбекстанда әйелдер автобус жүргізу құқығына ие болды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 12 ақпандағы тиісті шешіміне сәйкес Үкіметтің 2018 жылғы 31 мамырдағы 408 қаулысының 2-қосымшасының 27-тармағының және 3-қосымшаның 5-тармағының күші жойылды.
Бұл нормаларда әйелдерді «ВС» және «Д» санаттары бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде жүк көліктерінің жүк көтергіштігі 2,5 тоннадан, ал жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілген автобустардың саны 14 адамнан аспауы керектігі белгіленген болатын. Яғни, бүгінге дейін әйелдер 14 жолаушыдан аспайтын автобусты ғана жүргізе алатын.
Енді әйелдердің келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуіне құқықтық негіз жасалды:
жүк көтерімділігі 2,5 тоннадан асатын жүк көліктерін жүргізу;
14-тен астам жолаушысы бар автобустарды жүргізу.
Ескі нормалардың жойылуымен әйелдердің қосымша кәсіптер мен салаларда жұмыс істеуіне құқықтық негіз жасалды. Сондай-ақ көлік саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және үлкен сыйымдылықты автобустарды (электробустар) жүргізуге әйелдерді жұмыспен қамтуға болады.