Өзбекстанда жел электр станцияcы құрылады
Өзбекстанда құрылатын жел электр станциясы жобасын Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясы құратын болады.
Өзбекстан Республикасы Президенті жарлығына байланысты, Өзбекстанда құрылатын заманауй жел электр станциясының жобасын Біріккен Араб Әмірлігі компаниясы құратын болады.
Жарлыққа сай, Өзбекстан тарапы БАӘ-нің «Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar» компаниясымен бірге 500 МВттық заманауй жел электр станциясы жобасын жүзеге асыру жоспарланған.
Сондай-ақ жарлық жоспарында 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін «White & Case» компаниясын және қаржылық кеңесшіні тарту турасында Энергетика министріне тапсырма берілген.