23 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, Өзбекстандағы күн және жел электр станциялары 2025 жылы 8 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндірді.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда ел аумағында жалпы қуаты 4 682 мегаватт болатын 12 күн фотоэлектр станциясы және 5 жел электр станциясы жұмыс істеп тұр.
«Жасыл» энергия есебінен:
➖ 2 млрд 424 млн текше метр табиғигаз үнемделді;
➖атмосфераға шығуымүмкін болған 3 млн 552 мың тонна зиянды заттыңалды алынды.
Биыл жыл басынан бері 23 қыркүйекке дейін Өзбекстандағы барлық су, күн және жел станциялары жалпы 13 млрд 220 млн кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Бұл – елдегі жалпы генерацияның 22 пайызын «жасыл энергия» құрап отырғанын білдіреді.
Бұл көлем 7,3 млн үй шаруашылығының 9 айлық немесе 5,5 млн үй шаруашылығының бір жылдық электр қажеттілігіне тең.