Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда жасанды жаңбыр жаудыру бойынша пилоттық жоба жасалады

Өзбекстанда жасанды жаңбыр жаудыру технологиясын ғылыми негізде әзірлеу және пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 2026 жылға арналған мемлекеттік бағдарламада көрсетілген.

Жоба бойынша жұмыстар 2026 жылдың 1 наурызынан басталады.

Аталған жобаны әзірлеу барысында бұл бағытта әлемнің жетекші елдері саналатын Франция, Қытай және Сауд Арабиясы тәжірибесі зерделенетін болады. 

Құжатқа сәйкес, жоба іске қосылғаннан кейін жауын-шашын көлемі табиғи жағдаймен салыстырғанда 10–20 пайызға дейін артуы мүмкін.

Жарлықта су ресурстарын ұтымды пайдалану және қолда бар қорларды үнемдеу мәселесіне ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, үш жыл ішінде 10 мың шақырым ашық дренаж жүйесін жабық жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде Қашқадария, Сұрхандария, Бұхара және Хорезм облысы аумақтарындағы 3 мың шақырым дренаж және коллектор желілері жаңғыртылады.

Бағдарлама аясында 504 мың гектар жерге су үнемдейтін технологияларды енгізу көзделген. Нәтижесінде 5 миллиард текше метр су үнемделеді деп күтілуде.

Сонымен қатар 1300 шақырым каналдар, суару желілері және басқа да ирригациялық нысандар арналары бетондау арқылы жылына қосымша 500 миллион текше метр су үнемдеу көзделген.

Бұдан бөлек, өңірлерде заманауи суару әдістері кеңінен енгізіледі. Атап айтқанда, 75,4 мың гектарда тамшылатып, 97 мың гектарда жаңбырлатып, 26,2 мың гектарда дискретті (пульсар) суару жүйесі қолданылатын болады

Сондай-ақ судың алқап бойына біркелкі таралуын қамтамасыз ету мақсатында 203 мың гектар жерде лазерлік тегістеу жұмыстары да жүргізілмек.

Жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы су тапшылығы жағдайында қосымша ресурс қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Сонымен қатар белгіленген инфрақұрылымдық және технологиялық шаралар суды пайдалану тиімділігін арттырып, шығындарды азайтуға және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.