Өзбекстанда халық саны күн сайын орта есеппен 2,1 мың адамға артып келеді
Өзбекстан халқы 2023 жылдың әр айында орта есеппен 64 600 адамға көбейген.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 36 799 756 адамды құрады.
Республикада халық саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан.
2023 жыл күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 2,1 мың адамға көбейген.