Өзбекстанда ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахром Аълоев Әзербайжан Елшісі Хусейн Гулиев, Беларусь Елшісі Леонид Маринич, Қазақстан Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Қырғызстан Елшісі Муса Жаманбаев, Ресей Елшісі Олег Малгинов, Тәжікстан Елшісі Абдуджаббар Рахмонзода және Түркіменстан Елшісі Язгули Мамедовты қабылдады.
Кездесуде тараптардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастығының түрлі аспектілері мен бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
ТМД-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің Өзбекстанда өтетін отырысына дайындықтың ұйымдастырушылық, хаттамалық және мазмұндық аспектілері бойынша пікір алмасылды, делінген хабарламада.