Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «Спутник V» вакцинасының өндірісі басталды

Ресейдің Н.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған «Спутник V» вакцинасының Өзбекстандағы өндірісі іске қосылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Jurabek Laboratories» ЖШС шығарылатын «Спутник V» вакцинасының 1 және 2 компоненттерінің алғашқы 260 500 дозасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне тапсырылды. 

Бұл Өзбекстанда өндірісі жолға қойылған екінші вакцина. Бұған дейін осы компания қытай-өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының жалпы 7 миллион дозасын шығарды, оның 1 458 820 дозасы екпе науқанына жеткізілген.

Осылайша, Өзбекстанда екпе процесінде қолданылатын вакцина 28 473 528 дозаны құрауда.

Олардың:

  • 460 мың доза «Спутник V»,
  • 986 480 мың доза AstraZeneca,
  • 13,5 миллион доза - ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 миллион 60 доза – Moderna,
  • 1,2 миллион доза Pfizer/BioNTech вакцинасы.