Өзбекстанда Қытайдың Temu платформасына шектеу енгізіледі
Өзбекстанда 20 наурыздан бастап Temu платформасына шектеу енгізіледі
Өзбекстан Салық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Қытайдың Temu электронды сауда платформасын пайдалануға белгіленген тәртіп бойынша шектеу қойылады.
Өзбекстан заңнамасына сәйкес, электронды сауда операторлары ретінде тек заңды тұлға ретінде тіркелген, Өзбекстан Республикасының резиденттері ғана қызмет көрсете алады.
Ел аумағында шетелдік электронды сауда платформаларының қызметін зерттеу барысында кейбір платформалар электрондық сауда, бөлшек сауда, жарнама, жеке деректерді қорғау, тұтынушылар құқықтарын қорғау, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заң талаптарын сақтамайтыны анықталған.

Осыған байланысты, Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Temu платформасын, сондай-ақ басқа да шетелдік электронды сауда платформаларын пайдалану шектеулі болады.
Түсінбеушіліктердің алдын алу үшін азаматтарға бүгіннен бастап Temu платформасынан тапсырыс бермеу ұсынылады.
Егер бұған дейін тапсырыс жасалған болса, төлемді қайтару мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.