Өзбекстанда өнеркәсіптің қауіпті қалдықтарын басқаруға бағытталған ірі халықаралық жоба жүзеге асырылады.

Бұл жөнінде Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлік хабарлады.

Жоба Сауд Арабиясының Vision International Investment Company (VIIC) және Францияның Suez International компаниясымен бірлесіп іске асырмақ. Соған орай тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

78 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жоба үш кезеңде жүзеге асырылады:

  • Бірінші кезеңде қалдықтарды тұрақтандыру, оларды полигондарға орналастыру кешендері мен аймақтық тасымалдау станциялары құрылады;
  • Екінші кезеңде RDF (Refuse-Derived Fuel) – қалдықтан жанармай өндіру құрылғылары мен жағу нысандары жобаланып, тәжірибелік сынақтар жүргізіледі;
  • Үшінші кезеңде RDF жанармайын толық көлемде өндіретін, жылумен өңдейтін зауыт салынып, пайдалануға беріледі.

Бұл бастама Өзбекстанның экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамы ретінде бағаланып отыр. Сонымен қатар жоба ел мен шетелдік серіктестер арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге және қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда қалдықтан жанармай өндіру жобасы іске қосылады