2022 жылдың 9-12 тамызында Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресей сынды елдерден 60 сарапшының қатысуымен Өзбекстанда алғаш рет еңбек инспекторларының бірінші өңірлік форумы өтеді.
Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен Орталық Азия және Ресей мемлекеттері мемлекеттік еңбек инспекторларының бірінші аймақтық форумын ұйымдастыруда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Орталық Азия аймағында және Ресейде еңбек секторында мемлекеттік бақылау саясатын әзірлеу және жүзеге асырудағы ынтымақтастықты нығайту, біліктілікті арттыру және өзара тәжірибе алмасу арқылы еңбек инспекторларының білім деңгейін, іскерлігі мен тиімділігін арттыру.
Форум аясында қатысушы елдердің мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидаттарын, көші-қон құқығы мәселелерін, «Vision zero» («Nol injuries») тұжырымдамасы, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек заңнамасына қатысты мәселелерді талқылайды және мемлекеттік еңбек инспекторының жеке, кәсіби өсуіне, эмоционалды басқару дағдыларына және басқаларға бағытталған тренингтер өткізіледі.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және Орталық Азия аймағындағы еңбек құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін енгізу, соның ішінде еліміздің Еңбек инспекциясының құқықтық және ұйымдастырушылық әлеуетін дамыту және нығайту бойынша бірыңғай тәсілдер әзірленетін болады.
Атап айтқанда, Форум азаматтардың еңбек құқықтары мен жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін, денсаулығын қамтамасыз ету саласындағы ең өзекті мәселелерді шешу үдерісіне белсенді қатысатын жас еңбек инспекторларының қоғамдастығын қалыптастыруға қызмет етеді.