2022 жыл 23 қыркүйектен бастап Өзбекстанда «Мир» карталарына қызмет көрсету техникалық себептерге байланысты тоқтатылды.
«UZCАRD» банкаралық төлем жүйесініің хабарлауынша, карталарға қызмет көрсетудің тоқтатылуының себебі - төлем жүйесінің қатысушысы тарапынан қажетті техникалық процедуралардың жүргізілуі.
Баспасөз қызметі сондай-ақ Uzcard-Mir ко-бейдж карталары Өзбекстан аумағында тұрақты режимде жұмыс істейтінін, бірақ шетелде жұмыс істемейтінін атап өткен.
Өзбекстанда «Мир» картасын мына банктер айналысқа шығарған еді:
- «Aloqabank»
- «Mikrokreditbank»
- «Milli bank»
- «Turon Bank»
- «Xalq banki»
- «Qishloq Qurilish Bank»