Өзбекстанда коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтары өтетін болады. Олар 18 және одан жоғары жастағы еріктілер арасында сыналмақ

Өзбекстанда рекомбинантты коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтары өтетін болады. Олар 18 және одан жоғары жастағы еріктілерде өткізіледі деп күтілуде.

Инновациялық даму министрлігінің хабарлауынша, 21 қазанда Қытай Ғылым Академиясының Микробиология Институты мен «Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutica» өкілдерімен Өзбекстанда рекомбинантты коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтарын ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілген.

Келіссөздер басрысында атаулы компания жасаған және қазіргі кезде клиникалық сынақтан өтіп жатқан вакцинаны елдегі еріктілерде сынақтан өтізу мәселесі қаралды. Бұл вакцина коронавирустық антигеннің гендік-инженерлік ақуызы болып, ол аденовируспен және инактивацияланған вакцина түрлерімен салыстырғанда өте қауіпсіз. Гендік-инженерлік ақуыз инфекцияланған организмге қарсы антиденелер шығарады.

Бұл вакцинаның клиникалық сынақтарының барлық кезеңдері сәтті аяқталған жағдайда, Өзбекстан осы вакцинаны арзан бағамен алғашқылардың бірі болып сатып алатыны айтылды. Сондай-ақ, Инновациялық даму министрлігінің сарапшылары қытайлық серіктестермен вакцинация процесін ұйымдастыру, процеске дайындық мәселелерін талқылап ел аумағындағы клиникалық зерттеулер 18 және одан жоғары жастағы еріктілерде өткізіледі деп болжаған. Сынақ басталғанға дейін Қытай Халық Республикасының өкілдері вакцинаның шарттарын түсіндіру бойынша бірқатар тренингтер өткізеді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтары өтеді
Жамият
11:30 / 22:10:2020