
Өзбекстанда жоғары оқу орындары мен мектептегі сабақтар бір ай бойы онлайн форматқа ауыстырылды.
Халыққа білім беру министрлігі 24 қаңтардан бастап мектептер бір ай бойы онлайн режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
«Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің балалар мен жастар арасында коронавирустық инфекцияның жаңа штаммының таралуын болдырмау жөніндегі ұсынымдары негізінде 24қаңтардан бастап бір ай бойы мектептерде оқу процесі онлайн режимде жүргізіледі.
Оқушылар үшін қашықтықтан оқу кезінде сапалы білім алуы Ұлттық телерадиокомпания мен «Онлайн мектеп» телеграм-каналы арқылы жүзеге асырылады. «Онлайн мектеп» жобасы бойынша сабақ кестесі күн сайын «Онлайн мектеп» телеграм каналы арқылы жарияланады», делінген хабарда.
Бұдан бөлек, елдегі жоғары оқу орындарында да сабақтар бір ай бойы онлайнды режимде өтетін болды.