Президент мектебін бітірген түлектері үшін «Жаңа Өзбекстан» жоғары оқу орны ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Бехзод Мусаев хабарлады.

21 мамырда «Ташкент бес бастама қозғалысы» жастар фестивалі аясында Бехзод Мусаев жастармен сұхбат құрып, онда ол алдағы уақытта Өзбекстандағы білім нарығы тағы бір үздік оқу орнымен толығатыны жайлы айтты.

Оның айтуынша «Жаңа Өзбекстан» университеті Мемлекет басшысының бастамасымен құрылуда.

«2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік мектептер елдің барлық аймақтарында жұмыс істей бастайды. Мұнда білім беру методикасы Кембридждің білім беру жүйесіне негізделген. Мемлекет басшысы осы мектептерге барғанда мәселенің екінші жағын қарастырып, сұрақ қойды: Кембридж білім беру жүйесін бітірген балалар қайда оқиды? Осы мақсатта Өзбекстанда «Жаңа Өзбекстан» университетін құру бойынша алғашқы қадамдар жасалды », - деді Мусаев сұхбат барысында.

Жастармен кездесуде «Жаңа Өзбекстан» университетінде білікті мамандар, әлеуетті оқытушыларды және шетелден ықпалды кадрларды тартату жайлы мәліметтер айтылды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «Жаңа Өзбекстан» атты білім ордасы ашылады