Өзбекстанда электронды төлемдер 58 пайызға өсті
Бүгінде Өзбекстанда қоғамдық көлікте банк карталары арқылы төлем жасау айтарлықтай артып, 49,7 миллион транзакцияға жетті. Сол арқылы 58 пайыздық өсімді көрсетті. Аталған көрсеткіш электронды төлемдердің халықтың күнделікті өмірінде барған сайын маңызды орын алып келе жатқанын аңғартады.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қоғамдық көліктегі электронды төлемдер нарығында бірқатар банктер жетекші орынға шығып, өз үлесін едәуір ұлғайтқан.
Соның ішінде Uzum Bank республика бойынша 19,8 пайыз үлеспен көш бастап тұр. Банк ұсынған қоғамдық көлікке арналған жеңілдіктер мен бонустық бағдарламалар карталардың кең таралуына оң ықпал еткен.
Сарапшылардың пікірінше, қоғамдық көлікте электронды төлемдердің кеңеюі цифрлық экономиканың дамуына серпін беріп, халыққа қолайлы жағдай туғызуда және қолма-қол ақша айналымының азаюына ықпал етуде.