Алдағы уақытта Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынбақ. Қазірде депутаттар заң жобасын талқылап жатыр.

Соңғы жылдары дәстүрлі темекі өнімдеріне балама саналатын темекіні қыздыру өнімдері, никотинді тұтынуға арналған құрылғылар, соның ішінде электронды темекілердің елге кіруі мен қолданылуы күрт артқан. 

Мәселен, 2021-2023 жылдары Өзбекстанға 5,4 миллион дана электронды темекі импортталып, бұл 2018-2020 жылдармен салыстырғанда 80 есе өскен.

Электронды темекіні қолданушылар арасында жастардың үлесі ересектерге қарағанда шамамен бес есе жоғары. Ең алаңдатарлығы – мектеп оқушылары арасында да бұл өнімдерге қызығушылық күн санап өсіп келеді.

Енді электронды темекілердің айналымына тыйым салу мәселесі қаралуда. Өзбекстан Республикасының кейбір заң актілеріне темекінің белгілі бір түрлерінің, никотин тұтыну құрылғыларының, соның ішінде электрон темекілердің айналымына тыйым салу және жауапкершілік енгізуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасы парламенттің төменгі палатасындағы партия фракцияларының жиынында қызу талқыланды.

«Милли тикланиш» Демократиялық партиясы фракциясының отырысында заң жобасы кеңінен талқыланып, онда ұсынылған нормалардың болашақ ұрпақты, ұлттың генетикалық қорын және қоршаған ортаны темекі мен никотин өнімдерінен қорғауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Жиында Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Салауаттылық және стратегиялық даму институтының директоры А.Иноятов заң жобасы туралы ақпарат бере отырып, біріншіден, электронды жүйелер арқылы никотин жеткізу, соның ішінде электрон темекілер мен олардың сұйықтықтарының Өзбекстан аумағында айналымына тыйым салу көзделіп отырғанын атап өтті.

Екіншіден, айналымы реттелген темекі қыздыру жүйелерін, сондай-ақ тыйым салынған никотин жеткізу жүйелерін, соның ішінде электронды темекілер мен олардың сұйықтықтарын және шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз айналымға енгізгені үшін жауапкершілік белгіленетінін айтты.

Жалпы, бұл заң жобасы никотин мен темекі өнімдерінің «заманауи» және «инновациялық» түрлерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу, сондай-ақ оларды ел аумағына әкелуге тыйым салуды қарастырады.

Талқылау барысында бұл заң жобасының партия бағдарламалық міндеттерімен үндес әрі ортақ екені ерекше атап өтілген. Фракция мүшелері әлемнің отыздан астам елінде электронды темекілерге тыйым салынғанын айтып, бұл заң жобасын алғашқы оқылымда бірауыздан мақұлдады.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынбақ