Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті. Қуаттау нүктелерінің басым бөлігі Ташкент қаласы мен облысына тиесілі.

2025 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, Өзбекстан аумағында электромобильдерді қуаттауға арналған 1399 станция жұмыс істеп тұр. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Экономика және қаржы министрлігінің хабарлауынша,  қуаттау инфрақұрылымының 820-сы немесе 59 пайызы Ташкент қаласында орналасқан. Ал Ташкент облысында 154 станция жұмыс істейді.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер мынадай:

  • Наманган – 70 станция,
  • Самарқанд – 67,
  • Жызақ – 50,
  • Ферғана – 43,
  • Бұхара – 39,
  • Қашқадария – 32,
  • Сұрхандария – 27,
  • Әндіжан – 26,
  • Науаи – 23,
  • Хорезм – 21,
  • Қарақалпақстан – 14,
  • Сырдария – 13 қуаттау нүктесімен қамтылған.

Республика бойынша электромобиль иелерінің 92 мыңға жуығы осы қуаттау станцияларын тұрақты пайдаланып келеді.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Өзбекстан үкіметі 2025 жылы 21 548 қуаттау станциясын орнатуды көздейтін арнайы шешім қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, сол жылы электромобильді үй жағдайында қуаттауды ынталандыру мақсатында түнгі тариф енгізілетіні де мәлімделген еді.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда электромобиль қуаттау станцияларының саны 1400-ге жетті