Өзбекстан Орталық банкінің шешімімен «Turkistonbank» пен «Hi-tech bank» лицензиясынан айырылды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Орталық банк басқармасының 2022 жылғы 7 қазандағы отырысында жоғарыда аталған банктердің қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияларының күшін жою туралы шешім қабылданған.

Екі банкте де «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 54 және 77-баптарында көрсетілген ереже бұзушылықтарға жол берілген және лицензияны қайтарып алу үшін келесі себептер көрсетілген:

Банк активтері бойынша ықтимал шығындарға қарсы резервтердің жеткіліксіздігі, өзінің реттеуші капиталының елу пайызынан астамын жоғалтқандығы, банктік қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғандығы, Орталық банктің нұсқауларын көрсетілген мерзімде орындамау және айыппұл салғаннан кейін сол бұзушылықты қайталап бұзуына орай тағы бірнеше ережені өз межесінде орындамағынына байланысты «Өзбекстан Республикасының Орталық банкі туралы» Заңның 20-бабына сәйкес Орталық банк басшылығы осындай шешім қабылдаған.

Хабарда айтылуынша, «Turkistonbank» активтері бойынша республиканың банк жүйесінде 26-шы, ал «Hi-tech» банкі 29-шы орынды иелеген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда екі банк лицензиясынан айырылды