2023 жылы Өзбекстан аумағындағы мұражайларға 5,7 миллион адам келген.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 800 мыңға аз.
Республикадағы адамдар көп баратын 5 мұражай:
– Регистан ансамблі – 1 млн 10 мың 800 адам;
– Самарқанд мемлекеттік мұражай қорығы – 1 млн 6 мың 600 адам;
– «Жеңіс саябағы» мемориалдық кешені құрамындағы Мемлекеттік Даңқ мұражайы – 648 500 адам;
– Хива Ичан-Қала мемлекеттік мұражай-қорығы – 448 400 адам;
– Бұхара мемлекеттік мұражай қорығы – 390,3 мың адам.
Агенттік мәліметінше, 2024 жыл 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстандағы мұражайлар саны 140-ты құраған. Мұражайларға 2020 жылы 1,5 миллион адам, 2021 жылы 5,1 миллион адам, 2022 жылы 6,5 миллион адам келген.