Өзбекстанда бұл апта тепература 44 градусқа дейін ыстық болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша бұл аптада Өзбекстанның оңтүстікте және шөлді аймақтарында ауа температурасы 44 градусқа дейін ыстық болады.
Бүгін және ертең Өзбекстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, тек Ферғана аңғары мен таулы аудандардың кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндізгі температура 34-39 градус, солтүстік және шөлді аймақтарда 41-42 градусқа жетеді.
21-23 шілде аралығында тек республиканың таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жаууы ықтимал, жазық жерлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
23 шілде де ауа температурасы күндіз 39-42 градусқа дейін көтеріліп, солтүстікте, оңтүстікте және шөлді аймақтарда 44 градус болады.