Өзбекстанда білім жүйесі қайта реформаланып, 3 жылдық бакалавр бағыты ашылады

2020/2021 жылғы оқу жылынан бастап білім саласы реформаланып мүлдем жаңа кәсіптік білім беру жүйесі енгізіледі
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасына жолдаған кезекті Үндеуінде білім саласына ерекше тоқталып 2020/2021 жылғы оқу жылынан бастап мүлдем жаңа жүйе енгізілетінін айтты.
Онда, 2020/2021 жылғы оқу жылынан бастап білім саласы реформаланып мүлдем жаңа кәсіптік білім беру жүйесі енгізіледі және ЖОО-да 3 жылдық бакалавр бағыты ашылады. Олар: Музыкалық білім, дене шынықтыру, технологиялық білім, әскерге дейінгі білім, бейнелеу өнері және инженерлік графика және мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі дене шынықтыру және спорт саласындағы педагок мамандарын дайындау. Бұдан бөлек ЖОО-да мемлекеттік гранттар санын екі есеге арттырып, қыздар үшін арнайы гранттар бөлінбек. Ал, нақты мамандықтарға қатысы болмаған пәндер екі есеге қысқартылады.
Сондай-ақ, биылдан бастап 6 жасар бүлдіршіндерге арналған мектепке дейінгі жүйе енгізіліп, оған 130 млрд сум бөлінеді. Педагогикалық шеберлігі мен біліктілігі жоғары және өз жұмысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдерге жоғары жалақы төлейтін жүйе жасалып, 2021 жылға халықаралық бағалау процесіне дайындық негізінде 348 базалық мектепті құрылып 6 мыңнан астам мұғалімнің біліктілігі арттырылады.