
Өзбекстанда салмағы 100 келіден аспайтын дрондарды ауыл шаруашылығында пайдалануға рұқсат берілді.
Министрлер кабинеті «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығына байланысты Үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылдады.
Оған сәйкес, Өзбекстанның азаматтық және мемлекеттік авиациясында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану туралы ережеге азаматтық авиациядағы ұшқышсыз ұшатын аппараттарға қойылатын талаптарға түзетулер енгізілген.
Қабылданған қаулы бойынша дрондардың максималды ұшу салмағы 25 килограмнан аспауы және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қоспағанда, олардың ұшу салмағы 100 килограмнан аспауы керектігі айтылған хабарда.