Ұлыбританияның «The Economist» басылымы жыл сайынғы дәстүрі бойынша тағайындайтын «Жыл мемлекеті» номинациясын жариялады

Ұлыбританияның «The Economist» басылымы жыл сайынғы дәстүрі бойынша тағайындайтын «Жыл мемлекеті» номинациясында Өзбекстан алдыңғы елдер қатарынан оза шығып, «елеулі реформалардың арқасында үлкен серпіліс жасаған мемлекет» деп жарияланған.

Ағылшын басылымының ақпаратында соңғы жылдардағы Өзбекстандағы өзгерістер айтарлықтай орын алып, тың реформалар нәтижесінде оң серпін байқалғанын айта келе, Президент Шавкат Мирзияевтың үш жыл ішінде жасаған саясаты өз жемісін бере бастағаны жайлы жазады.

Өзбекстанның бұл дәрежеге жетуі өз шекараларын айқын ашып, шетелдік журналистерді елге шақыру мен шетелдік жабық сайттарды блоктан алу, қатаң тәртіптегі колонияның жабылуы, мәжбүрлі еңбекке шектеу мен ел экономикасын арттыру үшін іске қосылған бағдарламалар және туристердің елге көптеп шоғырлануының арқасында қол жеткізген.

Сондай-ақ The Economist басылымы елдегі депутаттық сайлауларын да назардан шет қалдырмай, кандидаттардың едәуір батылдықпен үкіметті сынап жатқанын жеткізіп, алдындары бұл жағдайды тіпті болмаған десе де, әлі Өзбекстан қаншама жол басып өтуі керек, бірақ 2019 жылда осыншалықты нәтижеге қол жеткізген бірде-бір мемлекет Өзбекстандай болмағаны айтылған. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан «Жыл мемлекеті» деп жарияланды
Жамият
16:27 / 20:12:2019