Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Бұхараға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан–Тәжікстан саммитінің екінші күнгі іс-шараларына қатысу үшін Бұхара қаласына келді.
Бұхара халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы елімізге мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды.



Салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне ұлттық әндер мен билер орындалды.



Бүгін көшбасшылар көне Бұхараның тарихи ескерткіштерін тамашалайды. Сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметімен танысу да жоспарланған.