Өзбекстан «Volkswagen» автокөліктерін сатылымға шығарды
«Volkswagen» Caddy маркалы 3 автокөлік моделін нарыққа шығарды
Германияның «Volkswagen» брендті автокөлік копаниясы Өзбекстанда «Caddy» маркалы 4-ші буын қатарындағы 3 түрлі моделін нарыққа шығарды.
«Volkswagen Group Rus» және «Uzavtosanoat» компаниялары келісім-шарт арқылы жолға қойған осы жобаның тұсаукесерінде «Volkswagen Caddy» маркалы 3 автокөлік моделінің таныстырылымы өтті.
Volkswagen Caddy автокөліктерінің бастапқы бағасы 172,1 миллион сумнан басталады. Бұл нарықта «Kasten» моделі сатылымға шыққан. Ол негізінен жүк тасуға арналған болып, 1,6 двигателді 110 ат күшіне ие. Автокөлік 100 км-ге 7,1 л жанармай жұмсайды.
Caddy «Kombi» моделі 190 миллион сумға бағаланған. Оның техникалық мүмкіндіктері «Kasten» моделімен бірдей болып, бір ғана ерекшелігі автокөлік жүк тасу мен қатар жолаушылар тасымалдау мүмкіндігі бар болғандығында.
Caddy «Trendline» моделі нарыққа 221,9 миллион сум бағамен шыққан. Бұл осы көліктер арасында ең қымбаты. Оның техникалық сипаттамасы Volkswagen Caddy «Kasten» моделімен сәйкес жасалған 7 орындықты жолаушылар тасымалдауға арналған.
Жыззақ облысындағы зауытта өндірісі басталған «Volkswagen» автокөліктері 2022 жылдан зауыт толықтай іске түскеннен кейін басқа түрдегі көлік моделдері және «Skoda» автомобильдерін шығаруды жоспарлауда.