Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы өткен президенттік сайлауға қатысты мәлімдеме жасады.
Өзбекстан тарапы Тайваньда өткен сайлауға байланысты жағдайды жіті қадағалап отыр.
«Бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынымызды және Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қытайдың жалғыз заңды үкіметі екенін және Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін мәлімдейміз.
Өзбекстан Республикасы екі жағалау арасындағы қарым-қатынастардың бейбіт дамуын табанды түрде жақтайды және ҚХР үкіметінің Қытайды біріктіру жолындағы барлық күш-жігерін қолдайды», делінген СІМ мәлімдемесінде.