Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында екі бауырлас ел арасындағы барлық деңгейдегі белсенді ынтымақтастықты ілгерілету, әсіресе экономикалық байланысты белсендіру, өңірлер арасындағы тікелей ынтымақтастықты кеңейту, көпжақты платформалар шеңберіндегі серіктестік және басқа да көптеген мәселелер күн тәртібінде болды.
«2024 жылдың қорытындысы талданып, 2025 жылға жоспарланған ауқымды жобалары қарастырылды», делінген хабарламада.