Өзбекстан СІМ Ауғанстан елшісін қабылдады
2024 жыл 9 қазан күні Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Ауғанстанның Өзбекстандағы дипломатиялық өкілдігінің жаңа басшысы Абдул Ғаффор Теравийді қабылдады.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы қатынастарды жан-жақты дамыту, пайдаланылмаған әлеуетті жүзеге асыру және екі ел халықтарының мүддесіне қызмет ететін жаңа жобаларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.
«Абдул Ғаффор Теравий Ауғанстан атынан тұрақты көрсетіліп жатқан көмек үшін Өзбекстанға алғыс білдірді», делінген хабарламада.