Өзбекстан Сирияға 2 миллион долларлық тұрмыстық техника экспорттайды
Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен Сириядағы ірі дистрибьюторлардың бірі саналатын «Kalash Trading Company LTD» делегациясымен нәтижелі келіссөздер өткізілді.
Осыған орай, «Premier Electronics» компаниясы Сирияның «Kalash Trading Company» кәсіпорнымен 2 миллион доллар көлемінде экспорттық келісімшартқа қол қойып, аталған елге тұрмыстық техника өнімдерін жеткізетін болды.
Сапар аясында араб кәсіпкерлері компанияның заманауи зауыттарын аралап, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар және мұздатқыш өндіру үдерісімен танысты.
Кездесу соңында ірі экспорттық келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, жақын арада өзбекстандық тұрмыстық техника өнімдері Сирия нарығына жеткізіле бастайды.
Бұл бастама отандық өнімдердің Таяу Шығыс өңіріне кеңінен шығуына жол ашып, «Made in Uzbekistan» брендінің халықаралық нарықтағы беделін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.