Өзбекстан тауарларды ең көп импорттаушы 10 ел белгілі болды.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан импортында жоғары үлеспен Қытай серіктес елдер арасында бірінші орынды иеленді. Бұл елден 1,1 миллиард доллардың өнімі сатып алынған.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, келесі орындарды 996,1 миллион долларға тауар әкелген Ресей және 562 миллион долларға тауар сатып алған Германия иеленді.
Бұл көрсеткіш қалған елдерде мынадай:
- Қазақстан – 541,4 млн;
- Түркия – 325 млн;
- Корея – 302 млн;
- Литва – 146 млн;
- Швейцария – 127,4 млн;
- Бразилия – 121,4 млн;
- Сингапур – 95,3 млн.