Өзбекстан Президентінің Сербияға ресми сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Сербияға ресми сапары аяқталды.
Белград қаласындағы Никола Тесла атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманды Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич пен оның жұбайы шығарып салды.

Мемлекет басшысының Сербияға алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастар тарихында жаңа кезеңді бастап берді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Президенттер Стратегиялық серіктестік қатынастарын орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Сонымен қатар, басым бағыттар бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекемдейтін ауқымды құжаттар топтамасына қол қойылды.
Мемлекет басшысына Сербияның жоғары мемлекеттік наградасы – Үлкен тізбекті Сербия Республикасы орденін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Сондай-ақ Белград көшелерінің біріне «Ташкент» атауы берілді.
Іскерлік бағдарлама аясында екі Мемлекет басшысы бірлескен бизнес-форумға қатысты.

Ресми сапар аяқталған соң Өзбекстан Президенті Ташкентке қайтып оралды.
Сербияның әуе кеңістігінде жоғары мәртебелі мейманның ұшағын осы елдің Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.