Өзбекстан Президентінің Германияға сапары басталды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен 2 мамыр күні Берлинге келді.
«Берлин-Бранденбург» әуежайында Өзбекстан басшысының сапарына орай екі елдің туы көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Жоғары мәртебелі мейманды Германияның ресми өкілдері қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Федералды Канцлер Олаф Шольцпен кездеседі.








