Өзбекстан Президенті ТМД елдерінің арнайы қызмет басшыларын қабылдады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте 7 қараша күні, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары Кеңесінің отырысына қатысатын делегация басшыларын қабылдады.

Мемлекет басшысы келген қонақтарды құттықтай отырып, Өзбекстанда ТМД шеңберіндегі көпжақты қатынастарды дамытуға, оның ішінде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беретіндігін атап өтті.

ТМД-ның арнайы қызмет басшылары Өзбекстан Президентіне жылы қабылы үшін алғыс білдірді және өз елдері басшыларының сәлемдерін жеткізді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.