13 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысу үшін Өзбекстанға келген Азия даму банкінің президенті Такехико Накао бастаған делегация өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елдегі әлеуметтік-экономикалық маңызды реформаларды алға жылжытудағы Өзбекстанның жетекші әрі сенімді серіктесі болған атаулы халықаралық қаржы институтымен өзара тиімді қатынастардың серпінін зор қуанышпен атап өтіп, Азия даму банкінің қатысуымен үлкен жобаларды іске асыру сапасы мен қарқыны едәуір артқаны жайында айтты.

Қазіргі уақытта екіжақты ынтымақтастықта жалпы құны 8 млрд АҚШ долларын құрайтын 60-тан астам жоба іске асырылып жатыр. Алдағы кезеңге арналған АДБ-нің 2019-2023 жылдардағы Өзбекстанмен серіктестікті кеңейту бойынша қаржыландырудың жалпы құны 5 миллиард доллардан асатын жаңа стратегиясы қабылданды.

Азия даму банкінің басшысы Өзбекстанмен ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі мен тиімділігіне жоғары баға беріп, мұнда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға жан-жақты қолдау білдірді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толықтай нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Азия Даму банкінің делегациясын қабылдады