Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астана қаласына келді.
Елорда әуежайында Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан басшысы 22 сәуір күні Өңірлік экологиялық саммитке және Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.