Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен АҚШ-қа барады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы шараларға қатысу үшін 20 қыркүйек күні жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласына барады.

Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның жалпы сессиясы аясында алғашқы күні сөз сөйлеп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен келіссөздер жүргізеді.

Саммит аясында беделді халықаралық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесулер, АҚШ-тың жетекші компаниялары мен ірі инвестициялық құрылымдарының қатысуымен іс-шаралар өткізу жоспарланған.