Өзбекстан Президенті су-мотор спорты чемпионатының ашылуына қатысты
Бейресми Консультативтік кездесу аясында Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстан Президенттері Ыстықкөлде су-мотор спорты бойынша Қырғызстан Гран-приінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Көшбасшылар жарысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге спортшылардың іріктеу жарысын тамашалады.


Гран-при Халықаралық су-мотор спорты одағының қамқорлығымен өтетін, «судағы Формула-1» атауымен танымал F1H2O әлем чемпионатының екінші кезеңі болып саналады. Жарысқа жыл сайын әртүрлі елдерден кәсіби командалар мен спортшылар қатысады. Әлем чемпионатының кезеңі Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.


Бағдарламаға жаттығу сайыстары, іріктеу кезеңі және сағатына 220 шақырымнан астам жылдамдықпен қозғалатын жүйрік қайықтар арасындағы негізгі жарыс енгізілген.

