Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов бастаған үкіметтік делегацияны қабылдады.
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектановты жақында осы қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты қызметінде толағай табыстар тіледі.
Өз кезегінде Қазақстан Үкіметінің басшысы Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көпжақты әріптестікті одан әрі кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, болашақта жоғары деңгейдегі бірлескен іс-шараларға дайындық аясында ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Өзара сауда көлемін ұлғайту барысында кедергілерді жойып, өзара келісілген шараларды, оның ішінде құзырлы министрлер жетекшілік ететін жұмыс тобы аясында қабылдау қажет екені айтылды.
Елдеріміздің стратегиялық әріптестігінің маңызды бағыттары болып табылатын өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Басым секторлардағы инвестициялық бағдарламалардың жаңа портфелін және көлік және энергетика саласындағы өңірлік маңызды инфрақұрылымдық жобаларды белсенді түрде ілгерілету қажет екендігі баса айтылды.
Өзбекстан Президенті Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты түбегейлі кеңейту мақсатында үкіметтік деңгейде тығыз және жүйелі қарым-қатынастарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.